Шымкенттегі жанармай бекетінің кассирі жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте сот бір жарым жыл бойы ұйымның ақшасын жымқырған жанар-жағармай бекетінің 35 жастағы кассиріне үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің 11 желтоқсан күні хабарлауынша, ұйымның ақшасын ұзақ уақыт жымқырып келген жанар-жағармай бекетінің бұрынғы кассиріне қатысты сот процесі аяқталды.

Полицейлер жанармай құю бекетін басқаратын кәсіпкерден шағым түскеннен кейін тергеуді бастады. Тергеу барысында кассирдің клиенттерден түскен қаржыны жеке есепшотына аударып отырғаны анықталған. Ер адам бұл әрекетін касса терминалының істен шыққанын айтып, ақтап алмақ болған. Алайда ол қаражатты ұйымның шотына аудармаған. Осылайша ол ақшаны бір жарым жылдай заңсыз алып келген.

Кассир осы жолмен 12 миллион 350 мың теңге жымқырған. Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында оның кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Сот кассирді бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді