Алматыда төбелестің кесірінен адамдар жеделсаты ішінде қамалып қалды

Сурет: pixabay
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты апатты жағдайда тоқтап, бірінші қабат пен паркинг арасында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

RAMS компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жандосов көшесіндегі RAMS city тұрғын кешеніндегі жеделсатыда апат болған. Оқыс оқиға 10 желтоқсанда сағат 16:25-те тіркелді. 

Компанияның мәліметінше, тұрғын үйдің үшінші блогында жеделсаты апаттық жағдайда тоқтаған. Өтінім келіп түскеннен кейін "KazElevatorGroup" ЖШС шақырту орнына электромеханикті жіберді. Ол жеделсатының бірінші қабат пен паркинг арасында тұрып қалғанын анықтады. Физикалық күш әсерінен жеделсаты есігіндегі қауіпсіздік шынжыры үзілген. 

Алдын ала ақпарат бойынша, жеделсаты ішінде төбелес болған. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ. Оқиғаның егжей-тегжейі қазір нақтылануда. Компания қаладағы ғимараттардың бірінде жеделсаты құлады деген әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі