Саунадағы балалар лагерь: іс сотқа жіберілді

Сурет: Zakon.kz
Алматы прокуратурасы қалалық білім басқармасы басшысының ісін сотқа жіберді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 13 желтоқсанда ведомсвтоның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада былай делінген:

"Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді".

Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бiрге Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.

2023 жылғы 17 шілдеде Алматы халқының әлеуметтік осал топтарындағы балалар лагерьге тегін жолдама алғанын, алайда лагерь сауна ғимаратында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды