Жолда қалып кеткен 300-ден астам адам жолаушылар пойыздары арқылы эвакуацияланды

Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
2023 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында қалың қар түсіп, аяздың болуына байланысты тас жолдар жабылған қиын жағдайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқа да тасымалдаушылармен бірлесіп адамдарды эвакуациялау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания нақтылап өткендей, жолаушылар пойыздары Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына ауа райы қолайсыз аймақтан 300 астам адамды тасымалдады. Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 "Алматы — Ақтөбе" және №77 "Алматы-Маңғыстау" пойыздарымен жеткізілді.  Тағы 108 жолаушы №55 "Көкшетау — Қызылорда" пойызымен тасымалданды. 


"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздары жұмысын тоқтатпайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті", делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдында қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанда 24 жол учаскесі жабылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды