Атырауда мұнай цистернасы жарылып, цехтың талқаны шықты

Сурет: gov.kz
14 желтоқсанда сағат 13:58-де Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан "Batys Petroleum" ЖШС-ның №1 цехындағы жуу-буландыру станциясында жылжымалы темір жол құрамын (цистерна) тазалау кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнай қалдықтарынан ауада газ қоспасы жиналып, жарылыс болған. Салдарынан цех құрылымдарының ішінара бөлігі құлады.

"Бірден автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар "Batys Petroleum" ЖШС-мен келісімшартқа отырған мемлекеттік емес "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді". Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, "Апаттар медицинасы орталығынан" 3 қызметкер, 1 бірлік техника, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС-ның 5 адамы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды