Ресми хабарламадан былай делінген:
"24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясы берілді".
Алматыда үш бірдей адамның ажалына себеп болған жан түршігерлік жол апаты 2023 жылғы 22 желтоқсанда кешкісін болды. Сол күні автобус аялдаманың жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді.
Кейін полицейлер автобустың аялдама маңында тұрған адамдарды жапырып өткен сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.
Қайғылы оқиға жүргізуші мен жолаушы арасындағы кикілжің салдарынан туындаған. Ер адам жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікке ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік алдынан шыққан жеңіл көлік пен бірнеше адамды жапырып өтті.