Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Сурет: Zakon.kz
22 желтоқсанда Алматыда басқарудан шығып кеткен автобус жол бойында тұрған адамдарды қағып кетті. Зардап шеккендердің жағдайы туралы Zakon.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен білді.

Ведомствоның 25 желтоқсандағы мәлімдемесіне сай, зардап шеккен үш адам ем қабылдап жатыр. Осылайша 50 жастағы науқас 24 желтоқсанда реанимациядан политравматология бөліміне ауысты.

Оның жағдайы оң динамикамен ауыр деп бағаланды. Науқастың сынған жерлері көп.

36 жастағы автобус жүргізушісі нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр. Оған бас-ми жарақаты, мидың жеңіл контузиясы диагнозы қойылды. Беттің жұмсақ тіндерінің контузиясы тағы бар. Жағдайы тұрақты. Консервативті ем қабылдап жатыр.

55 жастағы ер адамға да бас-ми жарақаты диагнозы қойылды: бас миының жеңіл контузиясы. Нейрохирургия бөлімінде желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің көгерген жарасы және мойынның байлам аппаратының созылуына байланысты емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты.

"Барлық науқас толық көлемде қажет медицина көмегін алып жатыр".Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда үш адам қайтыс болған жантүршігерлік оқиға 22 желтоқсан күні кешкісін болды. Кейін жолаушы жүргізуші әйелді ұрғаны, содан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалғаны белгілі болды. Салдарынан автобус адамдарды қаққан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды