Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, 32 адам эвакуацияланды

Сурет: pxhere
29 желтоқсанда сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ - Қостанай" тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып, ондағы шетел азаматтары төтеншеліктердің көмегімен аман-есен эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

"Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағытындағы автобуста болған. Оқиға орнында аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды".Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Айта кетсек, 29 желтоқсанда кешке қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 өңіріндегі жолдарда шектеу енгізілгені белгілі болды. Сондай-ақ Көкшетау-Астана тас жолында қалып кеткен 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз