Ақмола полицейлері Әзірбайжан азаматын қиын жағдайдан алып шықты

Cурет: polisia.kz
Ақмола полицейлері Әзірбайжан азаматына төрт сағаттан аса көмектесті.

1 қаңтарда Қостанай - Әулиекөл - Сурған автожолында құтқару операциясы болды. Аға лейтенант Санжар Қожеғұлов пен лейтенант Иван Захаров құрамындағы "Тұлпар-16" экипажы трассаны патрульдеу кезінде көмек туралы сигнал алды. Жолда 20 тоннадан астам жасымық тасымалдаған Әзірбайжан азаматы қиын жағдайға тап болған. Жүргізуші басқаруды жеңе алмай, ауыр жүгі бар көлікпен жол жиегіне түсіп өздігінен шыға алмаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Шетелдіктің түсіндірмесін тыңдағаннан кейін инспекторлар құтқару операциясына кірісіп кетті. Полиция қызметкерлері қажет құрылғысы бар басқа да арнайы мамандардың көмегімен жол жиегіне фураны алып шықты.

Бұл ретте басқа көлік құралдары үшін қозғалыс қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз етті. Жүргізуші Сархан Мамадов полицейлерге және құтқару операциясына қатысқан барлық қызметкерге алғысын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі