Еуропаның бірнеше елін су тасқыны жайлады

Сурет: Zakon.kz
Ұлыбританияға "Хэнк"дауылы соққы берді. Корольдіктің оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, үздіксіз нөсер жауып тұр.

Лондонның төтенше жағдайлар қызметі қаланың Гринвич ауданындағы көшені жапты. Себебі мұнда ағаштар жел екпініне шыдамай, жолға құлаған.

Бұған қоса су тасқыны жайлады. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында кедергілер болды.

Ал Францияның солтүстік-батысында қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланды. Мұнда өзендер арнасынан шыққан.

Жағалаудағы қалаларды су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Үздіксіз нөсер әлі тоқтаған жоқ.

Ауа райы болжамына сай, жаңбыр ертең де жауады. Бұдан бөлек, Германияда да өзендер арнасынан тасып жатыр.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін