Алматы облысында үш есiрткi зертханасы жабылды

Сурет: видеодан скриншот
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жасап жатыр. Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жапты. Оның екеуі фитолаборатория болып шықты.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді.

Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды. Оның екеуі - таяу шетел азаматтары.

"Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жабылды. 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның - 10-ы шетелдіктер.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі