Еліміздің 9 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Сурет: Zakon.kz
17 ақпан, сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі, 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Боғас а.

2. "Қарағанды-Аягөз-Боғас" - Аягөз қ.-Боғас а.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

1. "Алматау турбазасына кіреберіс аймақ";

2. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс-Жамбыл обл.шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:

1. "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" Белоусовка к.-Риддер қ.

2. ⁠ "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары"

3. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы

4. ⁠ "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" Дайыр а.-Марқакөл а.

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Алматы-Ташкент-Термез" Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а.

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Үшарал-Достық" Көктума б.-Достық б.

2. ⁠ "Сарыөзек-Көктал" Алтын Емел асуы

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" Возвышенка а.-Рощинское а.

2. ⁠ "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы

Қазір республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды