Түркістан облысында балаларды тепкілеген ер адам олардың өгей әкесі болып шықты

Сурет: freepik
Түркістан облысындағы ер адамның балаларды тепкілеген видеоға қатысты Білім министрлігі пікір білдірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол балалардың өгей әкесі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Білім министрлігі өкілдерінен ер адамның кішкентай балаларды тепкен видеосын көрген-көрмегенін сұрап, уәкілетті органның қандай шара қолданғанын сұрады.


"Кеше бізге Түркістан облысында өгей әкенің осындай әрекетке барғаны туралы ақпарат түсті. Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолдануда", - деді ведомства өкілі.

Балаға зорлық-зомбылық көрсеткен видео көпшілік арасында дау тудырды. Полиция 22 ақпанда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды