Талғар ауданы көгінде жарқылдаған жарықтардың не екені белгілі болды

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде алдымен кешкі қараңғы уақытта көкте жарқылдаған жарықтардың видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында бұл Талғар ауданында байқалған көрініс екені айтылады. Кейін трансформаторда қысқа тұйықталу болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты. 

"Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы орын алды. Сағат 19:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Шымбұлақ ауылында қосалқы станцияда өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткеннен кейін трансформаторда өрт болмағанын, тек қысқа тұйықталуы орын алғанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілгені де нақтыланады.


Айта кетсек, бүгін, 14 наурызда кешке Алматы облысының кейбір елдімекендері жарықсыз қалып, өңір әкімдігі түсініктеме берді. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды