Алматы облысының кейбір елдімекендері жарықсыз қалды – өңір әкімдігінің түсініктемесі
Сурет: pixabay
2024 жылы 14 наурызда шамамен 18-00-ден бастап Алматы қаласы маңындағы елдімекендер мен Алматы облысының кейбір ауылдары жарықсыз қалды. Аталған жайтқа қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ауа райының нашарлауына байланысты кейбір елдімекендерде электр қуаты жаппай сөніп қалды. Басқарма қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг және бақылау жүргізуде. Кейбір аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктерінде кезекшіліктер ұйымдастырылды. Ал "АЖК" АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта "АЖК"АҚ күшімен авариялық ажыратуларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ облыс әкімдігі жағдай бақылауда екенін, елдімекендерге жарық ақырындап беріліп жатқанын жеткізді.
"Жарықтың қалпына келтіру бойынша болжамды уақыт шамамен 3 сағатты құрайды. Оқиға орындарына 123 бірлік техника мен 470 адам жұмылдырылды. Барлық ауданның диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Әр диспетчерлік бөлімде жұмысты жедел үйлестіре білу үшін орта есеппен 4-5 диспетчерден қойылды", делінген әкімдік хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript