Астана әуежайына қону кезінде Scat ұшағының шассиі бүлінген

Сурет: pixabay
14 наурызда Шымкенттен ұшып шыққан Scat әуе компаниясына тиесілі ұшақтың шассиіне Астана әуежайына қону кезінде зақым келді. Бұл туралы Zakon.kz елордалық әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"12:21-де Шымкент – Астана бағыты бойынша DV715 рейсін орындаған Scat әуе компаниясының ӘК B737-800 ұшағы қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында бөгде заттардың пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгіленген рәсімдерге сәйкес әуежай қызметтері ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) жедел қарап, тексеру жүргізді. Тексеру барысында ұшу-қону жолағынан ұшақ шассиінің пневматикалық (авиашинасының) бөліктері табылып, олар алынды. Әуе айлағы элементтеріне залал келген жоқ", - деді баспасөз қызметі.

Үшу-қонуды орындаған ұшақты тексеру кезінде Scat әуе компаниясының инженерлік-техникалық құрамы ұшақ шассиінің сол жақ тірегінің зақымданғанын анықтағаны атап көрсетіледі.

"Бұл ақпарат Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жолданды. Аталған оқиға әуежайдың ұшу-қону операцияларына әсер еткен жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді әуежайдағылар.

Бұған дейін үздіксіз жауған қар мен ақтүтек боранға байланысты Алматы әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған болатын.

Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді