Ақмола облысындағы аудандардың бірінде үйлерді су басқан

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Гуляева
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар стансасының жергілікті тұрғындары 1403 байланыс орталығына хабарласып, жол астындағы құбырдан су кетіп, үйлерді су алып жатқанына шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мамандар дереу тұрғындармен хабарласып, ол аумақтағы құбырлардың таза, қалыпты жұмыс істеп тұрғанын анықтағанын жеткізді. Тек еріген қар суы төменде орналасқан үйдің маңында жинақталғаны белгілі болды.

"ДЭУ 47 мамандары суды басқа бағытта ағызу үшін траншеяларды қазу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жол тәулік бойы филиал мамандары тарапынан бақылауға алынды", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, Алматы мен Алматы облысындағы тауларда үш тәулікте 36 қар көшкіні жүрген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді