ШҚО-да өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үй ішінен үш газ баллонын алып шықты

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
26 наурызда Глубокое ауылының Калинин көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ағаш конструкциялары, аралық қабырғалар, жиһаз, жеке заттар өртеніп жатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, үш газ баллонын сыртқа алып шықты.

"Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарының бұзушылығы. ШҚО ТЖД азаматтардан тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Электр сымдары мен пештің жағдайына ерекше назар аударыңыз". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Алдында Ақтауда екіқабатты коттедж өртенгені хабарланған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі