Мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техника мен басқа да гуманитарлық заттар тағы бөлінді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мемлекеттік материалдық резервтен тағы да қосымша материалдық қажетті заттар броньнан шығарылып, су тасқыны болып жатқан өңірлерге жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 сәуірдегі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен қосымша 21 арнайы және автомобиль техникасы, сондай-ақ шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ броньнан шығарылып, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарына жіберілді.

"Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және "Резерв" РМК қызметкерлері тауарларды мемлекеттік резервтен босатып, тәулік бойына жұмыс істеп жатыр", делінген хабарламада.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 7 сәуірде ҚР ТЖМ табиғи сипаттағы апатты жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы техника мен басқа да қажетті заттар алынғанын хабарлаған еді. Ол кезде 51 арнайы және автомобиль техникасы бөлінген.

6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек