Ақтөбе облысында жерасты газ цистернасы жарылып, алапат өрт болды

Сурет: pixabay
11 сәуірде Ақтөбе облысында газ құю бекеті маңындағы жерасты цистернасы жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, газ құю бекеті Ойыл ауылының шетінде орналасқан.

"11 сәуірде сағат 20:20 шамасында газ құю станциясынан 50 метр қашықтықта орналасқан жерасты газ цистернасы жарылды. Осыдан кейін "Зайнуллина" ЖК-ға тиесілі станция отқа оранды. Өрт жақын маңдағы құрылыс нысанына да ұласып, от тез тарады", делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімдігі оқиға орнында Ойыл ауданының ТЖД және полиция бөлімі қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын нақтылады. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД-дан қосымша күш аттанды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу амалдары қолға алынғанын нақтылады. 


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі