Құлсарыда жоғалып кеткен әкелі-балалы адамдардың бірі өлі табылды

Бүгін, 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, ағымдағы жылы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылғы ер адам 2000 жылы туылған баласымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан үйін қарап келуге кетіп, содан эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

"Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.Іздестіру жұмыстары жалғасуда". Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Айта кетсек, 7 сәуірде Құлсарыда екі ер адамның денесі табылған болатын. 6 сәуірде 1974 жылғы ер адам өзінің досын ертіп алып, трактормен су басқан үйіне қарай тартқан. Алайда, орта жолда трактор аударылған, ішіндегі адамдар із-түссіз жоғалған болатын. 

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: