Павлодарда Ертіс өзенінің су деңгейі көтерілгені туралы ақпарат жоққа шығарылды

Сурет: wikimedia
Ертіс өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі, соған байланысты Усолка ықшам ауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екендігі туралы WhatsApp желісі арқылы тараған ақпарат - фейк, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі ел арасына тараған бұл хабарламаның жалған екенін нақтылайды.

"Облыс қонақтары мен тұрғындарынан тек тексерілген дереккөздерге сенуді сұраймыз", делінген ведомствоның ресми хабарламасында. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, биылғы жылы жоғарғы-Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекордтық деңгейде емес.  Мысалы, 2016 жылы көлемі бұдан әлдеқайда жоғары болды. 

ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алдын алу дайындық іс-шараларын жүргізуде. Мамандар бөгеттер тұрғызып, қап дайындап, су деңгейіне мониторинг жасауда.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды