Еліміздің үш облысындағы республикалық маңыздағы жолдарды ішінара су алды

Сурет: ҚР ТЖМ
Еліміздің бес облысында республикалық маңыздағы 11 тас жолда көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысты мәліметтермен бөлісті. 

"2024 жылғы 15 сәуірде сағат 18:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста, атап айтқанда Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарының сегіз жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6200 метр болатын су тасқыны орын алды", делінген хабарламада.

Барлығын қосып алғанда, бес облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 664 бірлік техника мен 1604 адам жұмылдырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды