Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 4 метрден асты

Сурет: видеодан алынды
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 409 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай орын алғалы Атырауда Жайық өзенінің деңгейі әрбір 4 сағат сайын өлшенуде. Арнайы мамандар судың деңгейін, ағысын, тереңдігін, енін өлшеп, орташа есеппен секундына қандай көлемде су келе жатқанын есептеуде, деп хабарлайды жедел штаб.

Бақылаушылар шыққан қорытындыны "Қазгидромет" орталығына тапсырады, осылайша, гидрогеологиялық бюллетень жасалады.

"Жайық өзені әдеттегі деңгейінен 2 метрге көтерілді. Бүгін, яғни 21 сәуірде судың жалпы деңгейі 409 см жетті. Судың көп бөлігі болжам бойынша мамыр айының басында келеді. Бізге жеткенше жайылмаларға түсіп, жылдамдығы азаяды деген болжам бар", дейді инженер-гидролог Людмила Приданова.

Жайық өзенінің су деңгейін анықтайтын арнайы гидропостта бірнеше бағана орналасқан.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Атырау қаласында көктемгі су тасқыны кезінде Жайық деңгейінің көтерілуі 440 см-ге жетті.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Пышақ ала жүгірген сталкер сот залынан босатылды - сот неліктен мұндай шешімге келді

Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады