Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан бір үйір жылқы құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
БҚО-дағы Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары судың тұтқында қалып қойған. ҚР ТЖМ қызметкерлері дер кезінде суға батып бара жатқан жылқыларды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған.

"Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды.",-делінген ведомства ақпаратында.

Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды.

Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.

"Біз үшін әрбір өмір маңызды!"ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 8189 тұрғын үй мен 2988 аула аумағынан су бөлініп, айдалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды