Жайық өзеніндегі су деңгейі сыни белгіден асса да, судың келуі толастар емес

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі 10 мамырдағы су деңгейі бойынша соңғы ақпараттарды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су деңгейі келесідей өзгерді:

Су тасқынынан қорғау үшін Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы жол уақытша жыртылды. Осыған байланысты жол қатынасы тоқтады.

"Жайық өзенінен мол су ағыны байқалады. Оның деңгейін төмендету мақсатында арнайы техниканың көмегімен жол жыртылып, ұзындығы 11 метр және ені 1,5 метр екі құбыр орнату жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты елді мекендер арасындағы жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай түсіндірілді", – деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғайтын жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Махамбет және Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.

10 мамыр күні таңертең Атырау облысы Индер ауданының Индербор елді мекенінде Жайықта су деңгейі жоғарылағаны хабарланды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі