Құлсары тұрғындары әкімдікке жиналды

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы тұрғындар неліктен Жылыой ауданы әкімдігінің ғимаратына жиналып жатқанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, тасқыннан үйі зардап шеккен халық өтемеақы төлеу мәселесі бойынша әкімдіктің есігін қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтың 15 мамырдағы мәліметі бойынша, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандарға өтемақы төлеу, жаңа тұрғын үй беру туралы ақпарат беруде.

Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылды.

"Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй техникалық зерттеуден өтті, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Барлығы 3000-ға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100% біржолғы төлем аударылды".Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді.

Белгілі болғандай бүгін, 15 мамырда түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу және бағалау қорытындысымен таныстырады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды