2024 жылы Атырауда зиянкестердің ошағы үш есеге көбейген

Сурет: pixabay
Сарапшылардың есебінше, 2024 жылы зиянкестердің саны 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көбейген. Өңірде азиялық және италиялық шегірткелердің түрі 20 мамырдан бастап қаптайды деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады. Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмекші.

Атырау облысындағы шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады.

"Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр".Абила Қазиева, ҚР АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы

Бұған дейін Қазақстанның үш өңірінде – Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында шегіртке шабулы күрт көбеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін