Атырау облысында екі ауылда Жайық суы арнайы салынған бөгеттерге жетіп алды

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
19 мамырдағы мәлімет бойынша, Индер ауданында қауіпті аумақ болып саналатын Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке жетіп алды. Алайда, бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты.

"Дегенмен, қауіпті аймақта тұрған аталған ауылдарда әскери қызметкерлер мен ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Және бес ауыр техника бар", делінген хабарламада.

Айта кетелік, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылды.

19 мамырда Жайық өзеніндегі бес гидробекеттің төртеуінде су қауіпті деңгейден асқаны хабарланған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды