Түркістан облысында полицейлер дрон арқылы қарызы бар көліктерді анықтауда

Дрон, дроны, беспилотный летательный аппарат, беспилотник, беспилотники, БПЛА, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2026 11:59 Фото: unsplash
Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дрондар мен "Қорғау" жүйесін тиімді пайдалануда.

Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дрондар мен "Қорғау" жүйесін тиімді пайдалануда.

Заманауи технологиялардың көмегімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын бақылау және күдікті әрекеттерді дер кезінде анықтау мүмкіндігі едәуір артты.

Атап айтқанда, әуеден жүргізілген бақылау барысында 190 мың теңге көлемінде айыппұлы бар "Changan" автокөлігі анықталып, айыптұраққа қойылды.

Аталған көлік иесінің құқық бұзушылықтарының басым бөлігі жылдамдықты арттырумен байланысты. Сонымен қатар "Chevrolet Monza" автокөлік ең ірі берешегі бар көлік ретінде тіркелді.

Жыл басынан бері берешегі бар 2500-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: