Президент Раисидің тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері табылды

Сурет: Telegram/isna94
Иран президенті Ибрахим Раисидің және тікұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіттері Табризге жіберілді. Іздеу операциясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 20 мамырында Иран Қызыл Жарты ай қоғамы хабарлады.

"Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жіберілді... Денелерді іздеу аяқталды", - деді Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Ол іздеу жұмысының қараңғыға, тұман мен жаңбырға қарамастан жүргізілгенін және тікұшақтың сынықтары дрон арқылы табылғанын атап өтті.

Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы президент Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағы "шұғыл қонғаны" белгілі болды. Борт Ми-171 Парсабад қаласынан оралып келе жатқан болатын. Онда Иран шенеуніктері Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс өзеніндегі Гыз-Каласы бөгетінің салтанатты ашылуына қатысты.

Тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты ауқымды іздеу жүргізілді. 20 мамырда таңертең борт Тавал аймағында табылды, бірақ жолаушылардың ешқайсысы, соның ішінде президент Ибрахим Раиси мен Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиян де аман қалмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды