Атырау облысында қарғын суды бұру үшін жырылған жол қалпына келтірілді

Сурет: Telegram/qazavtojol
Атырау облысында су тасқыны салдарынан бүлінген Махамбет пен Сарытоғай ауылдары арасындағы жол қозғалысы қалыпқа келтірілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ 21сәуірде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 мамырда Атырау облысының ТЖ жөніндегі оперштабта келіп түскен суды бұру үшін Махамбет пен Сарытоғай ауылдарын жалғайтын автотрассаның жырылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты ауыл тұрғындары қайықпен тасымалданды.

"Қазавтожолда" 21 мамырда сағат 01:00 шамасында жол толығымен қалпына келтіріліп, көлік қозғалысына рұқсат етілгені нақтыланды.

"Атырау облысында көп мөлшерде келіп жатқан судың салдарынан Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы автожол жырылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.Жергілікті мемлекеттік органдар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бірлесіп, аталмыш жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді",-делінген ведомство хабарламасында. 

20 мамырда Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездету жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді