Астаналық әйел өзінің әжесін пәтерден қуып шықпақшы

Астана соты өзінің немересі пәтерден қуып шыққысы келетін қарт әженің құқығын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, арызданушыға бір бөлмелі пәтерді анасы сыйға тартқан.

"Талапкер өз пәтерінен, оның рұқсатынсыз заңсыз тұрып жатқан әжесі мен тәтесін басқа бір тұратын баспанамен қамтамасыз етпей, шығуларын талап етеді. Ал олар өз еркімен пәтерден кетуден бас тартқан", – делінген баспасөз хабарламасында.

Сотта талапкердің әжесі пәтерде 2001 жылдан бастап бұрынғы меншік иесі – қызының рұқсатымен тұратыны анықталды. Оның келісімімен ол пәтерде тіркелген. Сонымен қатар, әженің басқа баспанасы жоқ, ол зейнеткер. Ал пәтер бұрын анасына тиесілі болған және мұраға қалған.

"Талапкердің тәтесі бір жылдан астам уақыт бойы басқа мекенжайда тұрады, сол себепті оны шығаруға негіз болмаған. Әженің үйде заңсыз тұрып жатқаны және мүлікке қатысты құқық бұзу әрекеттері, талапкер тарапынан дәлелденбеді. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды",- деп хабарлады сот. 

Азаматтық алқа талапкер өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде, қоғамның адамгершiлiк және моральдық қағидаттарына қайшы әділетсіз әрекет жасап, оның іс-әрекеті іс жүзінде басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға бағытталғанын атап, оның құқығын қорғаудан бас тартты.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: