Оқ атылып, суық қару қолданылды: Ақтөбедегі жанжалдан бір адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі жанжалдан оқ ату мен пышақ жарақаттары салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, 28 мамырда 18-22 жас аралығындағы облыстың бірнеше тұрғыны атыс және пышақ жарақаттарымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Пышақ жарақатын алған бір азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды. 


"Осы қылмысты жасады деген күдікпен "ыстық із" бойынша полиция төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Кісі өлтіру және бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Трагедияның егжей - тегжейлері әлі белгісіз.

Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы ПД бастығының жеке бақылауында.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы