Атырауда су деңгейі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырауда су деңгейі әлі шарықтау шегіне жетпеді. Бұл туралы Атырау ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, қазіргі уақытта Махамбет ауданындағы су деңгейі шарықтау шегіне жетті.

Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі - 6 метрге көтеріліп тұр.

"Үлкен су Атырау қаласына әлі келуде. Біз су тасқыны Махамбет ауданынан бір арнамен келіп Жайық өзенін толтырып жатқанын көріп отырмыз. Су екі Соколок және Сарыөзек айналма каналдарына да құйып жатыр. Каналдардың шарасына сыймай тұр. Әзірге Атырауда су тасқыны басталу уақытын нақты болжай алмаймыз", - деді Руслан Шариев.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 28 мамырда өткен үкімет отырысында су тасқынынан тұрғын үйлер мен азаматтардың мүлкіне келтірілген шығынды бағалау бойынша нашар жұмыс жүргізіліп жатқан өңірлерді атады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды