Астанада алғашқы айналма автобус бағыты іске қосылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 маусымнан бастап Астана қаласында алғаш рет № 55 айналмалы бағдары іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағыт елорданың "Министрліктер Үйі", "Хан Шатыр" СОО", "Гүлжан" СҮ", "Роза Бағланова ат. Қазақконцерті", "Е. Рахмадиев атындағы филармония" сияқты негізгі көлік тораптарын қамтиды.

№ 55 бағдардың бірыңғай соңғы аялдамасы "№2 Ақмола облыстық ауруханасы" болады. Бағытын нөмірлеудегі әріптер бойынша анықтауға болады: А – сағат тілімен, Б – сағат тіліне қарсы.

Сурет:cts_kz

Бағдармен "Iveco Urbanway" маркалы 20 автобус жүреді. Қозғалыс аралығы 8-15 мин. құрайды.

йналмалы бағдар қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға және негізгі магистральдік көшелердің көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 23 бағдардың жүктемесін азайтуға ықпал етеді. (№№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 17, 22, 22А, 23, 26, 28, 31, 32, 33, 46, 50, 51, 53, 56, 60, 66, 73).

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі