Мемлекет басшысы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындығына назар аударды

Қазақстан Президенті 3 маусымда ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті. Жиын барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындық деңгейі әрдайым жоғары болуға тиіс. Мемлекет басшысы мұны тағы бір маңызды басымдық деп атады

"Ұйым төрағасы ретінде ҰҚШҰ-ның басқару органдарының, сондай-ақ күштері мен құралдары құрылымдарының жедел және әскери дайындығын күшейту үшін бірлескен іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Биыл күзде Қазақстан аумағында "Мызғымас бауырластық-2024" және "Жартас-2024" оқу-жаттығу жиындарын өткізуге белсенді әзірленіп жатырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезінде басымдық берілетін бағыт ретінде атап өтті.

"Өңіріміздегі су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай табиғат апатының қаупі қаншалықты зор екенін көрсетті. Қазақстанға оның салдары оңай тимеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі су тасқыны кезінде тілеулестік білдіріп, көмек көрсеткені үшін мемлекеттеріңізге ризашылығымды білдіремін. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз",– деді Президент.

Мемлекет басшысы жиын барысында бұдан өзге қандай мәселелерді талқылады. Сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: