Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жабылады

Сурет: primeminister.kz
3-4 маусым аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмысына байланысты көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатынын нақтылады.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 3-4 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр",- делінген хабарламада.

Сурет: gov.kz

Ведомство Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларын сұрады.

Мемлекет басшысы 31 мамырда еліміздегі ұңғыл-шұңғыл жолдар мәселесін көтеріп, оған не себеп екенін айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы