Атырау облысында жолда шетелдіктер мінген көлік өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқарушылар Атырау облысындағы тас жолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азамат болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Мақат ауданында болған.

Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тас жолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.

"Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді", деп атап өтті ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебі анықталуда.

15 мамырда Алматы облысында автокөлік жарылып, отқа оранды. Оқыс оқиға мектеп жанында болды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді