Астанада автобустарға арналған арнайы жолақ қашан іске қосылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Астанадағы Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems мәліметінше, жалпы ұзындығы 10,5 км бөлінген жолақ Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскеде пайда болады.

Қазіргі уақытта аталған учаскеде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолаққа жол белгілерін қою жұмыстары жүргізілуде.

Бұл биылғы жылы қалада енгізу жоспарланған жеті Bus Lane жолағының біріншісі. Бөлінген жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы және Р.Қошқарбаев даңғылы бойында енгізіледі.

"Bus Lane бойынша қоғамдық көлік қозғалысы жол жүру уақытын, аялдама пункттерінде жолаушылардың автобустарды күту уақыт аралығын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жедел жәрдем вагондарының, арнайы қызметтердің және өрт сөндіру техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді".

Айта кетейік, алдағы Құрбан айт мерекесінде елорданың қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі