Астанада сол жағалаудағы жол қиылысы бір тәулікке жабылады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астаналықтарға 13 маусымның кешінен бастап қала қиылыстарының бірі, көлік қозғалысы үшін жабылатыны туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 14 маусымы сағат 23:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің төменгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз",-делінген Астана қаласының баспасөз қызметінде.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Еске сала кетейік, 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Астанадағы Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ іске қосылады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз