Астанада Қабанбай батыр даңғылы қайтадан жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы мәлімдеді.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18 маусым сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады(оның ішінде Керей Жәнібек хандар көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз". Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Бұған дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды