Алматыда мектеп түлегінің өліміне қатысты ЖОО алғаш рет түсініктеме берді

Денесі субұрқақ жанынан табылған 17 жасар бозбаланың өліміне қатысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасы қайғылы оқиғаға қатысты ЖОО басшылығы түсініктеме бергенін хабарлайды.

Сол күні мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көріпті.

"Субұраққа бірнеше бала келген. Бірақ арасында сол бала ғана суға түскен. Оны судан сол жанындағы балалар алып шыққан. Кісі өлімі себебін медициналық сараптама анықтайтын болады. Жалпы, мында "суға түсуге тыйым салынады" деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз". Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов

Білім ошағы қайғылы оқиғадан кейін субұрқақты өшіріп тастаған.

Айта кетсек, 19 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында субұрқақ жанынан бозбала өлі күйінде табылған болатын

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: