5 миллион доза – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 миллиард теңгенің есірткі заттарын тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылдың басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытындысы бойынша 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

Заңсыз айналымнан 1.3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4.6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13.6 тонна химиялық реагенттер алынды.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд.теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 млн бір реттік дозаны құрайды. ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынды.

Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасуда.

1987 жылы 26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні деп жариялады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа мемлекеттік органдармен қатар осы қатерлерге қарсы іс-қимылға белсенді қатысады.

Мамыр айында комитет еуропалық елдермен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі