Алматы маңындағы ірі жол апаты: күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерді

Сурет: Zakon.kz
28 маусымда Алматы маңында ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құлжа трактісінде, Алматы мен Гүлдала кентінің аралығында BMW M5 көлігі қалаға бет алған. Алайда ол рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Қайтадан тас жолға түсу кезінде BMW M5 сол жақ қатардағы Lexus GX 460 көлігіне соқтығысты.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан жол талғамайтын көлік аударылып, BMW M5 қарсы жолаққа лақтырылып, Porsche Cayenne-мен соқтығысады. Ал Porsche Cayenne "ГАЗель"-ді ұрады.

Сурет: Zakon.kz

Содан кейін BMW M5 көлігі жана бастайды. Өтіп бара жатқан жүргізушілер тоқтап, өртті сөндіруге кіріседі. Осы уақытта көлік жүргізушісі апат орнынан ізін суытып үлгереді.

Апат салдарынан Porsche Cayenne жүргізушісі және тағы екі адам – ГАЗель мен BMW M5 жолаушылары зардап шекті.

Сурет: Zakon.kz

Қазір ЖКО орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалист жұмыс істеуде. Олар оқиғаның барлық мәліметтерін анықтап, қашып кеткен жүргізушіні іздейді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды