Астана халқы туралы қызықты статистика ұсынылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық статистика бюросы Елорда күні қарсаңында қазақстандықтарға қала туралы қызықты статистика ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюроның мәліметінше, 2024 жылдың 1 маусымында Астана халқының саны 1 464 415 адамға жетті, оның 696 234 –і ерлер, 768 181 –і әйелдер.

"2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жасты, ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады", – деп хабарлады Бюро.

2023 жылы алғашқы некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас болды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

Айта кетейік, ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды