"Мой город" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған. Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
"Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын тіркеді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
2024 жылы 7 шілдеде БҚО-да дауыл соғып, қатты жел ағаштарды құлатты, бірнеше үйдің шатырын жұлып әкетті, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.
Жамбыл облысында 7 шілдеде кешке жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді түні бойы әуреге салды. Таудан аққан лай су 20-дан астам үй мен 200 ауланы басып қалды.
Ыстықкөлде де жайлауға жай түсіп, 250 қой қырылып қалды.