Павлодар облысында понтонды көпір суға батып кетті

Сурет: Instagram/nurlan_dyussimbinov
Павлодар облысы, Қанаш Қамзин ауылдық округі, Көктас ауылында Белая өзені арқылы өтетін понтонды көпір суға батып кетті. Оқиға орнына Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов болып, аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім жұмыс сапары кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексердім. Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарлануда". Нұрлан Дүйсембинов

Сондай-ақ, оның айтуынша, баламалы жолдар да қарастырылады, бұл техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастыру.

"Сонымен қатар, жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді". Ақсу қаласының әкімі
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі