KTK телеарнасының ақпаратынша, берешегі көбейген басшылық кейін келе анимация бөлімін жауып тастаған.
"Мәселен "Алтын адам" жобасында былтыр тамыз айынан бері біздің ұжым — суретшілер, аниматорлар еңбекақысын ала алмай келе жатыр. Мұнда 5 миллионнан бастап, 3 миллионға дейін жұмыс істеген мамандар бар. Алатын жұмысымыздың ақшасы осы , ,бір жерде ғана. Біз сыртта жұмыс істемейміз. Еңбекақымызды берсін. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Қағаз бар. Бір тиынымызды қалдырмай төлесін".Жанәділ Байдарбеков, анимация бөлімінің қызметкері
Аниматорлардың қара терге батып бірнеше жыл бойы істеген туындыларының бірі — "Алтын адам" атты толық метрлі мульт жобасы былтыр толық аяқталыпты. Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген. Еңбекақысын күте-күте қарызға белшесінен батқан өнер адамдары бұл былықты басшылықтың ұйымдастырып отырғанына сенімді.
"Түрме сияқты. Темір тормен қоршалған бәрі. Мұнда түрменің ,бүкіл "пахандық" режимі орнады. Кеше сақшылары келіп, мына жастарды қуып шығып, неше түрлі жала жауып, анимацияны жауып қойып, түрмедегідей "шмон" жасап жатыр. Бұл бандиттік шабуыл деп бағалау керек. Азамат Сатыбалдының өзі рөлді ойнап жүр. Бірақ кімнің рөлін ойнап жүргенін білмейді. Қазір Азамат Сатыбалдыны ,"Қазақфильмнің" президентін тура осы жерге шақырып, жауап беруін талап етеміз".Ерлан Төлеутай, анимация бөлімінің редакторы
Қызметкерлердің базыназын тыңдаған тілші, басшылықтың да жауабын білмек болған.
"Азамат Сатыбалды азаматтық танытып, алдына шығудың орнына, жоқ болды. Қол астындағы қызметкерлерінің талап-тілегіне басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Өзі шықпады. Қоңырауға да жауап қатпады. Оның орнына орынбасары келді. "Алтын адам" жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растап отыр. Бірақ оның жауабы жұрттың көңілін көншітпеді",-делінген телеарна хабарламасында.
Оның айтуынша жобаны, тапсырыс берушілер қабылдамаған.
"Негізі "Алтын адам" жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталғымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібергенбіз. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр".Айдар Омаров, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті
Тілші толықметраж мультипликаци жобасына тапсырыс беріп, кейін қабылдамай қойған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына да шығып көрмек болған, алайда ол жақтағылар да жауап беруден бас тартқан.