ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің айтуынша, даладағы күн күркіреуі мен нөсер жауыннан баланың қорып, мазасы қаша бастаған. Әйел тексеру процедурасынан өткеннен кейін, бейтаныс ортада өзін жайсыз сезінген баласы үшін алаңдаған. Осы кезде, колония қызметкерлері баланы өздерімен бірге қалдыруды ұсынды. Осылайша, әйел баланы қызметкерлерге қалдырып, өзі күйеуімен кездесуге кеткен.
Тексеру тобының қызметкерлері бір сағаттан астам уақыт бойы кішкентай қонақты қолдарына алып жүрді, тіпті түскі ас та берген.
Мекеменің бақылаушысы Мұратқан Серікпаевтың айтуынша, өзі көпбалалы отбасынан болғаннан кейін балалармен қарым-қатынас жасау дағдысы бар.
"Маған әйелге көмектесу қиынға соқпады. Біз бәріміз адамбыз. Бастапқыда бала бейтаныс ортада қорыққанымен, аздаған уақыттан кейін бойы үйренісіп, достасып кеттік. Барлық балалар бақытты болып өссін". Мұратқан Серікпаев
Сурет: ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті
Колония офицерлерінің айтуынша, олар көбінесе келушілерге көмектесуге, сөмкелерін алып жүруге, бала күтіміне және тіпті психологиялық қолдау көрсетуге мәжбүр. Бұл арқылы олар тікенді сымның артында да мейірімділікке орын бар екенін көрсетеді.